1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. QCS times — мамыр 2026
10 маусым 2026

QCS times — мамыр 2026

QCS times — мамыр 2026

Атырау мен Оралдағы жаңа стандарттар

Біз асүйлерімізге және тұтынушыларымызға тек ең сапалы өнімдердің жеткізілгенін қалаймыз. Осыған байланысты Атырау мен Оралдағы бөлімдерімізде өнім берушілердің тізілімін енгіздік. Енді біз ұзақмерзімді серіктестік орнататын компанияларды бұрынғыдан да мұқият іріктейміз.

Түгендеу қорытындысы

QCS Group қаржы департаменті жылдың бірінші тоқсаны бойынша ауқымды түгендеу (инвентаризация) жұмыстарын қорытындылап, әрбір ұсақ-түйекке дейін есепке алынды. Біз үшін бұл жай ғана сандар емес, бұл компания тұрақтылығының кепілі. Әрбір процесс жіті бақылауда болғанда, біз болашаққа нық қадам баса аламыз.

Сапа жолындағы талас

Сәуір айында сапаны бақылау бөлімі қатаң ішкі тексеріс жүргізді. Компанияның жалпы көрсеткіші — 91,2 балл! Дегенмен, ең жоғары және бірдей ұпай (91,48) жинаған келесі екі команда ерекше көзге түсті:

  • Операциялық қызмет — жұмыстың нақтылығы мен жылдамдығы үшін;
  • Өнім қоймасы — сөрелердегі мінсіз тәртіп үшін.

Кеніштердегі рекордтар: күніне қанша тағам дайындалды?

Сәуір айында біздің өндірістік алаңдарымыз кеніш қызметкерлерін сапалы әрі дәмді тағаммен қамтамасыз ету үшін толық қуатында жұмыс істеді. Күнделікті ұсынылған тағам порцияларының орташа саны келесідей:

  • Кентөбеде — 488 порция;
  • Атансорда — 462 порция;
  • Атасуда — 52 порция.

Сәуір айының танымал кофелері

Орал қаласындағы сәуір айының қорытындысы бойынша қонақтарымыздың таңдауын талдадық. Сауда көшбасшысы — Aspan Cafe x FlyUP, оған жалпы сатылымның 77,64%-ы тиесілі. Ал Scat авиакомпаниясы жолаушыларының тапсырыс үлесі 22,22%-ды құрады. Бізді таңдағандарыңыз үшін рақмет!

← Барлық жаңалықтарға

Кері байланыс

Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджерлер жақын арада сізбен байланысады.

Кері байланыс

Төмендегі пішінді толтырыңыз және біздің менеджерлер жақын арада сізге хабарласады