1. Басты бет
  2. Компания туралы
Біз кімбіз

Елдегі борттық тамақтану және кейтеринг саласындағы көшбасшы

Адалдық

Біз жауапкершілікпен және адалдықпен әрекет етеміз, уәделерімізді орындаймыз. Біз ашық әрі айқын жұмыс істейміз және сенімді қарым-қатынасты ұжымдық еңбек пен тиімді коммуникация арқылы құрамыз

Біздің құндылықтарымыз

Біздің қызметкерлер – компанияның ең құнды капиталы және бір мақсатқа жету үшін жауапкершілік алатын маңызды қатысушылар.

Клиенттерге қызмет көрсету

Біз ең жоғары стандарттарды сақтай отырып, клиенттерімізге үздік қызмет ұсынамыз және нәтижелердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне кепілдік береміз

Компания туралы

Компания туралы

Qazaqstan Catering Solutions – елдегі борттық тамақтандыру және кейтеринг саласындағы көшбасшы. Біз жолаушыларға инновациялар мен заманауи технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, жоғары сапалы аспаздық және бөлшек сауда қызметтерін ұсынамыз.

Qazaqstan Catering Solutions Астана мен Атыраудағы өндірістік цехтарымен авиация саласындағы тармақталған қоғамдық тамақтандыру желісі арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетеді, жыл сайын 2 000 000-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Компания 2021 жылы құрылып, қазіргі таңда 350 қызметкердің арқасында қарқынды дамып келеді

QCS миссиясы

QCS миссиясы

«QCS компаниясында біз клиенттерімізге сәтті серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылықызмет көрсетуді мақсат етеміз. Біз әрбір команда мүшесінің ерекше еңбегі арқылы клиенттеріміздің күткенінен асып, олардың сеніміне ие болып, берік байланыс орнатуға уәде береміз»

QCS мақсаттары

QCS барлық қызмет салаларында ерекше сапа мен үздік қызмет көрсетуге ұмтылады.

  1. 01

    Клиенттерімізге тәулік бойы сапалы тамақтану мен қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  2. 02

    Сапа стандарттары мен санитарлық нормаларға толық сәйкес болу.

  3. 03

    Борттық тамақтандыруды уақытылы ұсыну.

  4. 04

    Әуе компаниясының ротациясына байланысты бекітілген талаптарға сай қызмет көрсету.

  5. 05

    Ұшу кестесіндегі күтпеген өзгерістерге және жоспардан тыс тамақтандыру қызметіне әрдайым дайын болу.

  6. 06

    Қызметкерлеріміздің әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлу. 100% ақпараттандырылған ортаны қамтамасыз ету және қолайлы жұмыс жағдайын құру – біздің басты міндетіміз. Мұнда бастамашылық құрметтеледі, көшбасшылыққа ынталандырылады, инновациялар қолдау табады, адалдық жоғары бағаланады және жоғары сапа талап етіледі

  7. 07

    Бортқа уақтылы тамақ жеткізу.

  8. 08

    Ротацияға байланысты авиакомпания бекіткен спецификацияға сәйкес келу.

  9. 09

    Ұшу кестесіндегі күтпеген өзгерістерге және борттарға жоспарланбаған тамақпен қызмет көрсетуге дайын болу.

  10. 10

    Қызметкерлеріміздің әлеуетін дамытуға ерекше назар аудару. 100% ақпараттандыруды қамтамасыз ету және бастамашылықты құрметтейтін, көшбасшылықты ынталандыратын, жаңашылдықты ынталандыратын, адалдықты бағалайтын және керемет сапаны қажет ететін қолайлы орта құру.

QCS болашақ бағыты
QCS болашақ бағыты
Біздің компанияның болашақ бағыты – Қазақстанда тағам өндірісі мен жеткізу саласының көшбасшысы болу.

"Үлкен істер атқаратын мықты командамен әрдайым ең жоғары сападағы өнімдер мен қызметтерді ұсыну."

Кері байланыс

Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджерлер жақын арада сізбен байланысады.

Кері байланыс

Төмендегі пішінді толтырыңыз және біздің менеджерлер жақын арада сізге хабарласады